WorldSkills Aqmola 2026 чемпионаты басталды

WorldSkills Aqmola 2026 чемпионаты басталды

Ақмола облысында 2026 жылғы 30 наурыз бен 17 сәуір аралығында WorldSkills Aqmola 2026 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде.

Жарысқа облыстың 24 колледжінен шамамен 350 студент қатысуда.

Құзіреттіліктер: 67 бағыт, оның ішінде 4 инклюзивтік (Abilympics).

Демонстрациялық құзіреттіліктер: Агророботтар және Сандық ауыл шаруашылығы.

Аймақаралық құзіреттіліктер: Дән мен оның өңделген өнімдерінің сапасын анықтау, Құтқару жұмыстары, Әлеуметтік-мәдени қызмет, Ветеринария, Зоотехния.

Чемпионат алаңдары Көкшетау, Степногорск, Щучинск қалаларындағы және басқа да колледждер базасында өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары WorldSkills Kazakhstan – 2026 ұлттық чемпионатына қатысатын болады.