Облыстық олимпиадада информатика пәнінің үздік мұғалімі анықталды

Облыстық олимпиадада информатика пәнінің үздік мұғалімі анықталды

Ақмола облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Uzdik IT Ustaz» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Аталған іс-шара бір мезгілде Қазақстан Республикасының 14 облысында, сондай-ақ Астана, Шымкент және Алматы қалаларында ұйымдастырылып, жалпы саны 289 қатысушыны қамтыды.

Өңірлік кезеңге Ақмола облысынан 24 информатика пәні мұғалімі қатысты.
Олимпиада үш кезең бойынша өткізілді: бірінші кезең — онлайн форматта өткен үш іріктеу турынан, екінші кезең — облыстық деңгейдегі офлайн кезеңнен, үшінші кезең — қорытынды республикалық кезеңнен тұрды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, педагогтер үш сағаттық контест барысында esep.cpfed.kz онлайн-платформасында 5 есепті орындады. Бағалау Халықаралық информатика олимпиадасы (IOI) форматына сәйкес жүзеге асырылды: әрбір есеп 100 балдық шкала бойынша бағаланып, бірнеше қосымша тапсырмалардан тұрды. Қатысушылардың шешімдері автоматтандырылған тестілеу жүйесі арқылы тексерілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І дәрежелі дипломмен:
- Қыпшақбай Жолбарыс Есенбайұлы – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Тәжібай Аружан Мерекеқызы – Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі;
- Абдрахманова Гүлбахыт Алмасовна – Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ақпан Үкүбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Дауренбек Нұртуған – Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі;
- Өмірхан Бақыт – Ерейментау ауданы, Бестоғай ауылының негізгі орта мектебінің информатика пәні мұғалімі;
- Өміртаева Гүлжан Арысбекқызы – Қосшы қаласы №3 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі марапатталды.

Құттықтаймыз!