Жас дарындардың жеңісі: Ақмола облысының оқушылары республикалық олимпиаданы бағындырды

Жас дарындардың жеңісі: Ақмола облысының оқушылары республикалық олимпиаданы бағындырды

Елордада 9–11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиада қорытындыланды. Таным көпбейінді кешенінде өткен жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Сала министрі олимпиаданың бірінші орын игерелеріне алтын медаль табыстады. Республикалық олимпиаданың Астанада өткен қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 300 ден астам оқушы қатысты.

Жиында сөз алған Жұлдыз Сүлейменова физика және биология пәндерінің маңызына тоқтала келе: “Биылғы олимпиада екі бірдей маңызды датамен тұспа-тұс келді. Оның бірі елімізде жаңа Конституция күшіне еніп, ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ бастық. Екіншіден, биылғы олимпиада Наурыз мейрамымен қатар келді. Осылайша, республикалық олимпиада жастар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев прогрессивті, білімді жастарға үлкен сенім артады. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Халықаралық жүлдегерлерге және олардың ұстаздарына Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қаржылай біржолғы сыйықы қарастырылған“, -деді.

Республикалық олимпиаданың мақсаты- дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, оқушылардың интеллектуалдық және ғылыми әлеуетін дамыту, сондай-ақ халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысатын қазақстандық құраманы жасақтау.

 Олимпииадаға Ақмола облысынан 11 оқушы қатысты, биология пәні бойынша – 7 оқушы, физика пәні бойынша  - 4 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша  І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, грамотамен -  2 оқушы марапатталды.

I-дәрежелі дипломмен "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Физика" пәні бойынша Куспаев Ибрагим марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Горохова Яна — Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
  2. Саберлинов Нурислам — "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Физика" пәні бойынша.

IІI-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Герасимова Валерия — Шортанды ауданы, Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
  2. Ермекбай Айбар — Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
  3. Ахметова Диана — Көкшетау қаласы, Техниқалық лицейінің 11-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
  4. Менгулов Егор — Көкшетау қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша.

Грамотамен марапатталды:

  1. Братаев Адильхан — "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша;
  2. Мереке Мирас — "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "Биология" пәні бойынша.

Олимпиада қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!