Ақмола облысының педагогтері «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауының жүлдегерлері қатарында

Ақмола облысының педагогтері «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауының жүлдегерлері қатарында

Алматы қаласында «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы өтті. Іс-шараға еліміздің 20 облысынан 107 психолог қатысты.

Байқау кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгеруді көрсететін дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтауға бағытталған.

Ақмола облысы атынан Бурабай, Жақсы, Біржан сал, Бұланды аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларының алты педагог-психологтары қатысты. Қатысушылар еңбек өтілі бойынша үш санатта бақ сынады: 3 -5 жылға дейін, 5 -7 жылға дейін, 7 жыл және одан жоғары.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша өңір педагогтері жоғары нәтижелер көрсетті.

III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Айдана Муратовна Рысмаганбетова Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналаған № 3 обылыстық мамандырылған мектеп-интернатының  педагог-психологы;

- Нина Владимировна Кузьминова Степногорск қаласындағы «Балдырған» № 2 балабақшасының педагог-психологы;

- Сания Есенжоловна Бостанова Біржан сал ауданы Мақпал ауылының НОМ педагог-психологы;

- Татьяна Павловна Сайбель Бұланды ауданы Отрадное ауылының ЖОББМ педагог-психологы.

Сонымен қатар, Жақсы ауданы Қима ауылындағы Қ.Өскенбаев атындағы ЖОББМ педагог-психологы Аида Бейсенкызы Ахметова болашағынан зор үміт күттіретін жас психолог ретінде аталды.

Бурабай ауданы С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ педагог-психологы Камила Маратовна Алпыспаева қол жеткізген жетістіктері үшін грамотаға ие болды.

Құттықтаймыз!