Көкшетауда «Ілияс Жансүгіров оқулары» мен «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауларының облыстық кезеңдері өтті

Көкшетауда «Ілияс Жансүгіров оқулары» мен «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауларының облыстық кезеңдері өтті

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы   2026 жылғы 11-12 наурыз аралығында Көкшетау қаласында «Ілияс Жансүгіров оқулары»  республикалық байқауының, «Мұқағали Мақатаев оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңдерін өткізді.

Байқаулардың мақсаты – оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, көрнекті ақындардың шығармашылығын насихаттау, сондай-ақ дарынды әрі талантты оқушыларды қолдау.

«Ілияс Жансүгіров оқулары»  республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 15 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.

«Мұқағали Мақатаев оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 13 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.

Құттықтаймыз!!!