
10 наурыз күні Көкшетау қаласында облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен мемлекет дамуына және конституциялық реформалардың маңыздылығына байланысты бастамаларды талқылау аясында педагогтер және студенттермен кездесу өткізілді.
«Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы референдум — мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезең. Бүгінде қоғамның білімді әрі белсенді бөлігі – педагогтар мен студент жастардың қатысуы аса маңызды. Сіздер азаматтық мәдениетті қалыптастырып, жаңа ұрпақты тәрбиелейсіздер және мықты әрі әділетті мемлекет құрудың негізін қалайсыздар», — деп атап өтті өңір басшысы.
Іс-шараның екінші бөлімінде Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола облысының білім беру саласын дамыту: қаржылық тиімділік, цифрлық технологиялар және адами капитал» тақырыбындағы алқа отырысы өтті.
Іс-шара онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Оған Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов, алқа мүшелері, білім басқармасы басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорлары кеңесінің төрағалары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, сондай-ақ бас мамандар қатысты.
Отырыста өңірдің білім беру жүйесін дамытудың негізгі мәселелері қаралды.
Сондай-ақ 11 наурыз күні облыс әкімі Көкшетау қаласындағы «Аяла» арнайы балабақшасына арнайы автокөліктің кілтін табыстады. Бұл тәрбиеленушілерді тасымалдау жағдайын жақсартып, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, бүгінгі таңда өңірдегі 1261 білім беру ұйымында 23 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Соңғы жылдары білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлініп, инфрақұрылым дамып, білім сапасын арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда.