
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Көкшетау қаласында «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының, «Ясауитану» республикалық байқауының, «Жыр алыбы-Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңдерін өткізді.
Аталған іс-шаралар оқушылардың әдебиетке, тарихқа, рухани мұраға және дәстүрлі сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар жоғары білім деңгейін, сахналық шеберлігін және қазақ халқының рухани мұрасына деген құрметін көрсетті.
«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 27 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.
«Ясауитану» республикалық байқауыныңоблыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 4 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы марапатталды.
«Жыр алыбы-Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 5 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы марапатталды.
Құттықтаймыз!