
Астана қаласында 9-11 сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Ақмола облысынан «IQanat High School of Burabay» мектебінің 10-сынып оқушысы Қадыр Нұрдәулет қатысты.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне 120-дан астам оқушы қатысты. Екі күн бойы қатысушылар Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы әзірлеген тапсырмаларды орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қадыр Нұрдәулет ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз!