Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың  облыстық кезеңі аяқталды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өткізілді.

Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1.Математика;

2.Жаратылыстану;

3.Қазақ тілі мен әдебиеті;

4.Орыс тілі мен әдебиеті;

5.Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі;

6.Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;

7.Ағылшын тілі;

8.Қазақстан тарихы.

Олимпиадаға барлығы 220-ға жуық оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

 І-дәрежелі дипломмен – 17 оқушы;

ІІ-дәрежелі дипломмен – 43 оқушы;

ІІІ-дәрежелі дипломмен – 71 оқушы марапатталды.

Сонымен қатар, өз білімімен ерекшеленгені үшін 40 оқушы грамотамен марапатталды.

Олимпиаданың облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!