Көктемнің жарқын мерекесіне орай Болашақ» сарайында білім беру ұйымдарының аруларына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 300-ге жуық ұстаздар, білім саласының ардагерлері мен үздік мамандары қатысты.
Шара барысында білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, педагог мамандығының қоғамдағы маңызына ерекше тоқталды. «Педагогика — жай ғана мамандық емес. Бұл — жүректен шыққан шынайы қызмет, толық жанқиярлықты талап ететін ұлы миссия. Сіздер әр таң сайын сыныптар мен топтарға тек білім ғана емес, жан жылуын, әр балаға деген сенімді, таусылмас төзім мен шексіз ізгілікті ала келесіздер», — деп ұстаздардың еңбегіне жоғары баға берді.

Салтанатты құттықтау барысында мерекелік залда отырған барлық нәзік жанды ұстаздарға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, облыстың білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін 18 маман Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік шарада Ақмола облысының білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Бейсенбай Әбдірахманов та құттықтау сөз сөйлеп, ұстаз әйелдерге ізгі тілегін жеткізді.
Іс-шараның қорытындысы әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.