
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 2-4 наурыз аралығында Сандықтау ауылындағы «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасы - бастауыш сынып оқушыларына арналған білім беру-дамыту бағдарламасы. Олимпиада жеке және командалық сайыс болып табылады.
Облыстық кезеңі 3 турдан тұрды:
1-тур - «Әу, баста!» (командалық тур).
2-тур - «Асық» (командалық тур)
3-тур - «Математикалық бәйге» (жеке тур)
Әр команданың құрамы үш адамнан тұрды: 2 сыныптан -1 оқушы, 3 сыныптан-1 оқушы, 4 сыныптан-1 оқушы.
Облыстық кезеңге 105 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Командалық турдан:
1 орын - «Қосшы қаласының командасы» командасы ие болды;
1 орын - Бурабай ауданының «Smart» командасы ие болды;
2 орын – «Көкшетау қаласының командасы» командасы ие болды;
2 орын - Аршалы ауданының «Достық» командасы ие болды;
2 орын - Жарқайың ауданының «Цифрики» командасы ие болды;
2 орын - «Көкшетау қаласының командасы» командасы ие болды;
3 орын - Бұланды ауданының «Жарқын болашақ» командасы ие болды;
3 орын - Степногорск қаласының «Ой қырандары» командасы ие болды.
3 орын - Бурабай ауданының «Біргірлер» командасы командасы ие болды;
3 орын Атбасар ауданының «Ақыл – ой күші» командасы ие болды.
3 орын Есіл ауданының «Математический десант» командасы ие болды.
Сонымен қатар, Жеке турдан 20 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 11 оқушы, грамотамен - 4 оқушы марапатталды.
Ақмола облысының намысын «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде бірінші орын алған командалар қорғайтын болады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!