
Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Үздік кәсіптік бағдаршы» атты облыстық конкурс өткізілді. Аталған іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің кәсіптік бағдар беруші педагогтері, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты,
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар ұсынған материалдарда кәсіби-педагогикалық шеберлікті, практикалық маңыздылығын, шығармашылық тәсіл мен өз жұмысындағы инновациялық әдістерін көрсетті.
Конкурс соңында номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Қәсіби бағдар беру іс-шарасы: жаңа формат»:
1 орын – Әбдірайымова Айнұр Асхатқызы, Аршалы ауданы Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;
2 орын – Бексеитова Любовь Ивановна, Зеренді ауданы Приречное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;
3 орын – Даненова Лаура Рашитовна, Атбасар ауданы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі.
«Цифлық кеңістіктегі кәсіптік бағдар»:
1 орын – Узбаева Акмарал Болегеновна, Бурабай ауданы Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;
2 орын – Говоркова Наталья Александровна, Бұланды ауданы Макинск қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
3 орын – Уциева Марха Усмановна, Сандықтау ауданы Красная поляна ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі.
«Мансаптық навигатор»:
1 орын – Пейзанг Анастасия Владимировна, Сандықтау ауданы Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;
2 орын - Юсупова Жанна Завратовна, Есіл ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі;
3 орын - Абсагиева Галия Кабиденовна, Қорғалжын ауданы мектеп- гимназиясы директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары;
Полонская Виктория Георгиевна – Шортанды ауданы Андреевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіби бағдар берушісі.