Ақмола облысының оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды

Ақмола облысының оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды

Астана қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Ақмола облысынан 9 жобамен 15 оқушы қатысты.

Байқау халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында өткізілді. Қазылар алқасының құрамына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессорлары мен ғалымдары енді.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша біздің қатысушылар жоғары нәтижелер көрсетті.

І дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Ақылбай Кәусар – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

2.«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Ниязбекова Адель – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

IІI дәрежелі дипломмен марапатталды:

1.«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Рыжков Роман – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

2.«Информатика» секциясы бойынша Кожанов Амирхан – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

3.«Биология» секциясы бойынша Дорошенко Карина – Көкшетау қаласы, Техникалық мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

4.«Биология» секциясы бойынша Петровская Маргарита – Көкшетау қаласы, Техникалық мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

Грамотамен келесі оқушылар марапатталды:

1.«Физика» секциясы бойынша Власов Максим – Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

2.«Химия» секциясы бойынша Сейтен Әлинұр – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация лицей-интернатының» 9-сынып оқушысы;

3.«Химия» секциясы бойынша Сабырхан Ілияс – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация лицей-интернатының» 9-сынып оқушысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!