Жас мамандар «Junior Skills» байқауында өз шеберліктерін көрсетті

Жас мамандар «Junior Skills» байқауында өз шеберліктерін көрсетті

Жаңаесіл ауылының Индустриялық технологиялар және сервис колледжінде «Junior Skills» кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Іс-шараға Целиноград ауданының 32 мектебінен 100-ден астам оқушы қатысты.

Сайыс 8 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылды:

🔹 Аспаз ісі — компатриот Смағұлова Айман Максутовна

🔹 Наубайшылық шеберлік — компатриот Какабадзе Гузаль Ганишеровна

🔹 Кондитерлік іс — компатриот Байғабулова Айсұлу Исмагуловна

🔹 Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету — компатриот Сарымсаков Танаткан Айдарханович

🔹 1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру — компатриот Пудовкина Татьяна Владимировна

🔹 Ақпараттық технологиялар — компатриот Асилова Нурхан Джалгасовна

🔹 Слесарьдің кәсіби дағдылары — компатриот Арзимбетова Динара Жайыковна

🔹 Дизельді қозғалтқыштарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу — компатриот Байдашев Жумажан Никишевич

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, кәсіби өсуге деген ұмтылысын және жұмысшы мамандықтарына шынайы қызығушылығын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, колледж медальдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

«Junior Skills» жастардың талантын ашуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби білім беруді насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды.