«Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі

«Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі

Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Токаевтың тапсырмаларын және «Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске асыру аясында 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челлендж ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында оқу мәдениетін арттыру, оқырмандық сауаттылықты дамыту және кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру.

Кітап эстафетасы аясында:

Ақмола облысы Абай облысынан Қадыр Мырза Әлінің «Ой орман» шығармасын қабылдады.

11 «А» сынып оқушысы Тілеуханқызы Лаура «Ой орман» шығармасын таныстырып, эстафетаны Ақтөбе облысына Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасымен жолдады.

Бірге оқимыз, бірге дамимыз, бірге болашақ құрамыз!