Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурсының іріктеу кезеңі өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында өтті. Байқау барысында қатысушылар үш модуль бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздары анықталды.

Жалпы білім беру пәндері оқытушылары арасында:

I орын – Қамалиден Айгерім Сағындыққызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, информатика пәнінің оқытушысы;

II орын – Бабаева Айнагуль Талгатовна, Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі, тарих пәнінің оқытушысы ;

III орын – Баглан Айнаш Амангельдиновна, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі, география пәнінің оқытушысы;

III орын - Капарова Меруерт Карыбаевна, Жоғары аграрлық-технологиялық колледжі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы.

Сонымен қатар, «Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясымен төмендегі қатысушылар марапатталды:

 - Шамиганова Мериза Абзаловна, Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы;

-  Абылхаева Жанна Галиевна, Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі, тарих және география пәндерінің оқытушысы;

- Даулетова Жадра Сериковна, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы.

Педагогикалық мамандықтар оқытушылары арасында:

I орын – Қайыржан Тлек Сағындыққызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы;

«Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясы – Галимжанова Гульнара Булатовна, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі, арнайы пәндер оқытушысы.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды!