Ақмола облысының оқушылары «Зерде» республикалық байқауының жүлдегерлері атанды

Ақмола облысының оқушылары «Зерде» республикалық байқауының жүлдегерлері атанды

Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XXІ республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқау 7 секция бойынша өтті: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; медицина, психология, экология; технология және өнер.

Ақмола облысынан 9 жобамен 11 оқушы қатысты.

Республикалық турдың қорытындысы бойынша біздің қатысушылар тамаша нәтижелер көрсетті.

І-дәрежелі дипломмен «Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Дәуіржан Інжу – Қосшы қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломдармен:

1.«Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Бериккалиева Ясин – Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Жапарова Аружан – Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

3.«Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Аблашев Адислам – Целиноград ауданы, Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

4.«Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Саврас Герда – Целиноград ауданы, Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

5.«Технология және өнер» секциясы бойынша Голуб Максим – Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;

6.«Технология және өнер» секциясы бойынша Ященко Елизавета – Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;

7.«Этномәдениеттану» секциясы бойынша Орал Батыржан – Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы марапатталды.

Құттықтаймыз!