
Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжіндегі сертификатталған 1С орталығында «1С:Бухгалтерия 8» және «1С:Бағдарламалау» бағыттары бойынша кәсіби байқаудың өңірлік кезеңі өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға Ақмола облысының сегіз колледжінен 24 студент қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, кәсіби құзыреттіліктерін және 1С бағдарламалық өнімдерімен сенімді жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Байқауыдың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді.
«1С:Бухгалтерия 8» бағыты
Ең жоғары нәтижелерді «Жоғары техникалық колледж» МКҚК білім алушылары көрсетті:
БАС ЖҮЛДЕ – Кобеген Самира Қайратқызы — 46,0 балл
Сарапшы-компатриот: Аканова Г.Е.
I орын – Скрипоченко Елизавета Алексеевна — 44,0 балл
Сарапшы-компатриот: Мешелева Г.Ф.
Сондай-ақ келесі қатысушылар лайықты нәтиже көрсетті:
«1С:Бағдарламалау» бағыты
Жеңімпаз – Кравченко Семён Александрович — 45,0 балл
Сарапшы-компатриот: Оспанова Н.К.
Жоғары нәтиже көрсеткен:
Абдрахманов Руслан Асхатович — 30,0 балл
Сарапшы-компатриот: Оспанова Н.К.
Облыстық кезеңде ең жоғары балл жинаған қатысушылар 2026 жылғы 13 наурызда Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғайды.
Аталған кәсіби байқау есеп жүргізу мен бағдарламалау саласындағы үздік жас мамандарды анықтауға және Ақмола облысы колледждеріндегі білім сапасының жоғары деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді.