Ақмолалық жас зерттеушілері республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері қатарында

Ақмолалық жас зерттеушілері республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері қатарында

2026 жылғы 17 - 20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар  байқауының қорытынды (республикалық) кезеңі өтті.

Ғылыми жобаларды қорғау «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» бағыты бойынша ұйымдастырылып, келесі 6 секция қамтылды: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, адам және қоғам.

Ақмола облысынан байқауға 12 ғылыми жобамен 14 оқушы қатысты. Қорытынды кезең нәтижесінде облысымыздың қатысушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.

II дәрежелі дипломмен:

1.«Әдебиет (қазақ.)» секциясы бойынша Дүйсенбек Ақерке – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

2.«Әдебиет (қазақ.)» секциясы бойынша Имантай Жансұлу – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

3.«Тіл білімі (орыс.) орыс тілі орыс сыныбында»секциясы бойынша Мусина Айжан – Степногорск қаласы,  Степногорск каласының  Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы марапатталды.

IІI дәрежелі дипломмен:

1.«Тіл білімі (орыс.) орыс тілі қазақ сыныбында»секциясы бойынша Баянбай Әмина - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

2.«Өлкетану» секциясы бойынша Опабекова Дильназ – Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы марапатталды.

Грамотамен келесі оқушылар марапатталды:

1.«Тіл білімі (ағылш.)» секциясы бойынша Ерғали Мадина - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

2.«Адам және қоғам» секциясы бойынша Каиржанова Перизат – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

3.«Тіл білімі (қазақ.) қазақ тілі қазақ сыныбында» Бағланқызы Сұнқар - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының мектеп-лицейнің 9-сынып оқушысы;

4.«Этномәдениеттану» секциясы бойынша Асқар Мұнтаза – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы.

Құттықтаймыз!