Мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында өткен «Адалдық дүкені» акциясы

Мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында өткен «Адалдық дүкені» акциясы

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адалдық, жауапкершілік құндылықтарын дамыту мақсатында «Адалдық дүкені» акциясы өткізілді.

Акция Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдары арасында 3, 4, 5 (ортаңғы, ересек, мектепалды топ) жастағы тәрбиеленушілердің қатысуымен ойын форматында өткізілді.

Акция алдында балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, топтық форматта сатушысыз «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды, онда балалар тауарды өз бетінше таңдап, оған жетон немесе шартты ақша арқылы төлем жасалды. Педагог балаларды бағалаусыз, бақылаусыз өз бетінше әрекет етуіне жағдай жасай отырып, процесті сүйемелдеді.

Акция аясында келесі тақырыптық жұмыстар жүргізілді:

Ортаңғы топ (3 жас) – «Әділ болу — дұрыс әрекет ету»: балалар әділ мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен танысты.

Ересек топ (4 жас) – «Неліктен әділ болу маңызды?»: тәрбиеленушілер таңдау мен жауапкершілік арасындағы байланысты түсінді.

Мектепалды топ (5 жас) – «Адалдық, заң және тәртіп»: балалар ережелерді саналы түрде сақтауға және өз әрекеттерін бақылауға үйренді.

Акцияға барлығы 512 педагог, 4153 бала, 220 мектепке дейінгі ұйым қатысты.

Іс-шара ізгілік педагогикасы және жас ерекшелік психологиясы қағидаттарына сәйкес өткізілді.