«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы белгілі болды

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы белгілі болды

 Көкшетау қаласындағы Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының алаңында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.  

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

Биылғы облыстық кезеңге қазақ және орыс тілінде білім алатын жалпы білім беретін мектептердің 7–11 сыныптарындағы 149 оқушы (13–18 жас) қатысты.

Қатысушылар байқау тапсырмаларының түрлі форматтары бойынша өз білімдерін, креативті ойлау қабілеттерін және шешендік өнерін көрсетті. Олимпиада бес бағыт бойынша өткізілді:

1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);

3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),

4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 51 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 19 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 24 оқушы, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және  медальдармен марапатталды.

Облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 8 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды:

1.«Бейнелеушілер» бағыты  бойынша (қаз.) Джамбулова Томирис - Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының № 1жалпы орта білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы;

2.«Бейнелеушілер» бағыты  бойынша (орыс.) Тагинцева Дарья- Көкшетау қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

3.«Білгірлер бәйгесі» бағыты  бойынша (қаз.) Казар Маржан  - Қосшы қаласының ІТ-мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;

4.«Жас қаламгер» бағыты  бойынша (қаз.) Жартай Жаным - Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

5.«Сөз шеберлері» бағыты  бойынша (қаз.) Сэригболатұлы Сәттібек  - Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

6.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты  бойынша (қаз.) Тұрсынхан Арсен - Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

7.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты  бойынша (қаз.) Нұрмұхан Әдемі - Көкшетау қаласының № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

8.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты  бойынша (орыс.) Кокорева Мария - Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 9-сынып оқушысы.