Ауыл мектебінен халықаралық аренаға: «Abylaikhan» командасы Түркияға жолдама алды

Ауыл мектебінен халықаралық аренаға: «Abylaikhan» командасы Түркияға жолдама алды

Астана қаласында өткен еліміздегі ең ірі технологиялық жарыстардың бірі — Astana Tech Cup чемпионатына 720 команда, 2500-ден астам қатысушы қатысты.

Fibonacci Robot Olympiad бағыты бойынша  Бурабай ауданының Абылай хан атындағы Қызылағаш ауылы мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, Анталияда (Түркия) өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды.

«Abylaikhan» командасының жетістіктері:

  • ІІ орын — Бердеш Ансар (4 сынып), «Rally Drone Racing»
  • ІІ орын — Амантай Әуез, Қайрат Мадияр, Дулан Арслан (9–10 сынып), «Lego Line Follower»
  • ІІІ орын — Белгібай Амиржан, Асанбай Ілияс, Қайырбек Қайрат, Кәдірбай Нұржігіт (8 сынып), «Rally Drone Racing»
  • «Lego Line Follower» санаты бойынша әділ-қазылар алқасының арнайы жүлдесі

Жетекшісі — Абильжанов Нұржан Ғалиұлы.

Бұл жеңіс — табандылық пен білімге деген құштарлықтың нәтижесі. Ендігі мақсат — халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғау.