Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңі өткізілді. 

Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде ұйымдастырылып, екі бағытты қамтыды — жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қатысушылар 6 пәннен білімдерін көрсетті: математика, физика, химия, биология, география және информатика.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта тапсырмалар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша ұсынылды.

Облыстық кезеңге барлығы 313 оқушы қатысты.

Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша 125 оқушы жеңімпаз, жүлдегер және грамота иегері атанды.

ЖМБ пәндері бойынша 53 жүлдегер анықталды: І орын-8, ІІ орын-17, ІІІ орын-28, 4 қатысушы грамотамен марапатталды.

ҚГБ пәндері бойынша 59 оқушы жүлделі орын иеленді: І орын-11, ІІ орын-18, ІІІ орын-30, 9 қатысушы грамотамен марапатталды.

Құттықтаймыз!