«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2026 жылғы 9-11 ақпанаралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.

Олимпиадаға 152 қатысушы қатысады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

Олимпиаданың мақсаты:

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

- қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

- оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиадасының негізгі міндеттері:

- оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;

- тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

«Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11-сыныпта оқитын оқушылар қатыса алады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізіледі:

1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);

3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),

4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасыныңІ, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.