
Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы № 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті базасында қауіп-қатер тобындағы және ерте жастағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ерте қолдау қызметінің кабинеті ашылды.
Ерте қолдау – бұл туғаннан 3 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға көрсетілетін жаңа қызмет түрі. Ол баланың функционалдық дамуына және ата-аналарға күнделікті өмірде оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша қолдау көрсетуге бағытталған.
Қызмет жұмысы төрт негізгі міндетті іске асыруға бағытталған:
- баланың күнделікті табиғи өмірлік жағдайларда өз бетінше өмір сүру дағдыларын меңгеруі үшін оның функционалдық мүмкіндіктерін жақсарту;
- баланың отбасымен оң өзара әрекеттесуін қалыптастыру және оның эмоционалдық әл-ауқаты үшін жағдай жасау;
- инклюзивті қоғам құру мақсатында баланы қоғамға және құрдастар ортасына қосу;
- ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, бұл баланың күнделікті өмірде жаңа дағдыларды меңгеру мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайтады.
Ерте қолдау қызметі жұмысын бастағаннан бері ерекше білім беру қажеттіліктері бар 11 балаға түзету көмегі көрсетілуде.
Ақмола облысында барлығы 21 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) әрбір аудан орталығы мен қалаларда бар, барлығы 2000- нан аса бала қамтылды.