Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті бірлесе отырып, «Қазақстандағы психологиялық қызметтің қазіргі заманғы тәсілдері мен даму перспективалары: теорияны практикаға интеграциялаудың озық әдістері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияға қазақстандық мамандармен қатар, жақын шетелдерден - Беларусь, Қарақалпақстан және Ресейден әріптестер қатысты.

Конференция барысында балалар мен жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қолдаудың заманауи тәсілдері, соның ішінде дағдарыстық араласу, инклюзивті білім беру, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық-педагогикалық тәжірибедегі инновациялар талқыланды. Арнайы көңіл жаңа технологияларға, мамандардың кәсіби дамуына және өңірлік тәжірибе алмасуға бөлінді.

 Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және кәсіби деңгейде өтіп, конструктивті диалог пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды.