
2026 жылғы 26 қаңтарда Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжі мен «Singapore Polytechnic International» (SPI) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум ВТК-К – Singapore Polytechnic бірлескен «Озық өндірістік технологиялар орталығын» құруды көздейді.
Құжат колледждің оқу үдерісі мен өндірістік тәжірибесіне Индустрия 4.0 тұжырымдамаларын енгізуге бағытталған білім беру және технологиялық бастамалар саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітеді.
Аталған жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және жаңғыртудың негізгі бағыттарын қамтиды:
- Дәстүрлі станоктарды датчиктер мен цифрлық мониторинг жүйелерін орнату арқылы жаңғырту;
- ЧПУ құрғыларды цифрландыру және нақты уақыт режимінде деректерді жинау жүйелерін енгізу;
- Өндірістік процестерді автоматтандыру үшін роботтандырылған кешендерді интеграциялау;
- CAD/CAM жүйелерін қолдау мақсатында инженерлік деректерді басқару жүйесін (PDM) енгізу;
- Интерактивті білім беру аймақтары бар Индустрия 4.0 инновациялар орталығын құру;
- Озық өндірістік технологиялар (IIoT, робототехника, автоматтандыру) бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- Қызметкерлерді «Ақылды индустрияға дайындық индексі» (SIRI) бойынша оқыту.
Білім беру мекемесі директоры Ақнұр Еслямованың айтуынша, озық өндірістік технологиялар орталығын құру колледжге инновацияларды енгізу және жаңа буын мамандарын даярлау алаңына айналуға мүмкіндік береді.
«Singapore Polytechnic International-дың қатысуы білім трансферін, әдістемелік қолдауды және оқытушылардың құзыреттерін дамытуды қамтамасыз етеді»,- деп толықтырды Ақнұр Еслямова.