Ақмола облысының үздік педагог-психологы анықталды

Ақмола облысының үздік педагог-психологы анықталды

Ақмола облысының білім беру ұйымдарының психолог мамандары арасындағы «Үздік психолог» кәсіби шеберлік конкурсы насихаттау қызметінің ең тиімді әдістерінің  бірі болып табылатынын айта кету керек.

Бұл мамандықтың, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушылардың беделін тек аудан мен облыста ғана емес, жалпы республикалық ауқымда да әріптестерінің кәсіби ортасында арттыратыны сөзсіз.

Конкурсқа қатысушылар аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша алдын - ала іріктеуден өткен педагог қызметкерлер және ең бастысы, жұмыс өтілі мен тәжірибесіне қарамастан, жас маманнан бастап «Жан туралы ғылымның» атақты корифейлеріне дейін әрбір қатысушыға тиісті санатқа қатысу қолжетімді:

I санат - жұмыс өтілі 3 жылға дейін психологтар; II санат - жұмыс өтілі 3-7 жылдан бастап психологтар; III санат- 7 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар психологтар.

Облыстық конкурсқа облыстың білім беру ұйымдарының 19 педагог-психологы қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша облыстық сырттай конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

Гран-при-Поляковская Елена Ивановна, Атбасар ауданы Борисовка орта мектебінің педагог-психологы.

I орын - (1 санат) Манатов Аслан Айтжанович, Жарқайың ауданы Гастелло орта мектебінің педагог – психологы;

II орын – (1 санат) Харьковская Виктория Сергеевна, Жақсы ауданы, Қима орта мектебінің педагог-психологы;

III орын - (1 санат) Асан Жанарай, Шортанды ауданы, Новоселов орта мектебінің педагог – психологы.

I орын – (2 санат) Бейсенова Сандигуль Оразовна, Ақкөл ауданы №2 ОМ педагог-психологы;

II орын - (2 санат) Ташетова Назгуль Булекбаевна, Аршалы ауданы,               И. Құтпанұлы ОМ педагог – психологы;

III орын - (2 санат) Боранбаева Акбопен Социаловна, Астрахан ауданы, Жалтыр №4 ОМ педагог – психологы.

I орын – (3 санат) Живушко Татьяна Алесандровна, Бурабай ауданы, Ақылбай  ОМ педагог-психологы;

II орын – (3 санат) Турмаганбетова Асем Бахытжановна, Степногорск қаласы, Ақсу кенті № 1 ОМ педагог-психологы;

III орын - (3 санат) Сабурова Гульнар Елубаевна, Зеренді ауданы Алексеевка орта мектебінің педагог – психологы.

Облыстық «Үздік психолог» конкурсының жеңімпаздары республикалық психологтар конкурсында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.