XXІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

XXІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

Алматы қаласында 2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтуде.

Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысуда. Қатысушы елдер қатарында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан бар.

Ақмола облысынан халықаралық олимпиадаға 8 оқушы қатысуда.

Олимпиада бес күнге созылып, екі турдан тұрады. Тапсырмалар күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және халықаралық қазылар алқасымен құрастырылған.

Қатысушыларымызға сәттілік және жеңіс тілейміз!