Мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды.

Мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды.

2026 жылғы 9 қаңтар күні Көкшетау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиада 2026 жылғы 5-9 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында өтті, оған Ақмола облысының 460-тан астам оқушысы, ІІ (аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда екі турда, классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өтті.

Олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша 233 ақмолалық оқушы жеңімпаз, жүлдегер және грамота иегерілері атанды: І орын-40; ІІ орын – 43; ІІІ орын – 107; грамота - 43.

Жүлделі орындардың санына сәйкес үздік командалар анықталды. Олар «Үздік команда-2026» номинациясы бойынша дипломдармен, кубоктармен марапатталды:

- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша:

  • І-орын - «Білім-инновация» лицей-интернатының командасы;
  • ІІ-орын - Щучинск қ., «Білім-инновация» IT лицей-интернатының командасы;
  • ІІІ-орын - Степногорск қ., № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы.

- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша:

  • І-орын - Көкшетау қ. командасы;
  • ІІ-орын - Көкшетау қ., Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 мамандандырылған мектеп-интернатының командасы;
  • ІІІ-орын - Степногорск қ. командасы.

Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша «Ең жас қатысушы-2026» номинациясы дипломымен және кубогымен биология пәнінен 10-сынып үшін қатысқан Ақмола облысы білім басқармасының Астана қ., №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Далайхан Күміс марапатталды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша, қазақ тілі және әдебиеті пәнінен 9-сынып үшін қатыскан Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Олжас Бегім-сұлу марапатталды.

Қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!