
2026 жылғы 5 - 9 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі өтуде.
Облыстық кезең классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өткізу кестесіне сәйкес екі турда өткізіледі.
Олимпиадаға Ақмола облысынан 460-тан астам оқушы қатысуда.
Олимпиаданы өткізудің барлық процесі жазумен және тікелей эфирмен Youtube арқылы қамтамасыз етіледі.
Облыстық кезеңнің қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылғы 9 қаңтарда «Bolashaq saraıy» алаңында өтеді.