
8-11 сынып оқушылары үшін Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ республикалық туры өтті.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.
Ақмола облысынан олимпиадаға облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Олар:
1.Алибаев Владимир - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
2.Қуан Арсен – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
3.Сайгашева Белла - Көкшетау қаласының № 13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.
Олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша оқушыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті. № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Алибаев Владимир жүлделі ІІ орынды иеленді.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!