Ақмола облысында АӘТД пәнінің үздік педагогі анықталды

Ақмола облысында АӘТД пәнінің үздік педагогі анықталды

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің үздік педагогы – 2025» облыстық байқауы өтті.

Іс-шара Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы Жоғары қазақ педагогикалық колледж алаңында өтті. Оған 21 педагог қатысты.

Қатысушылар келесі кезеңдерде бақ сынасты:

  1. «Креативті мұғалім»
  2. «Заманауи сабақ»
  3. «Үздік әскери-патриоттық іс-шара»

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – Жаншуаков Джамбул Жанатович, Ерейментау ауданы;

ІІ орын – Калиев Куаныш Ахметович, Ж. Мусин атындағы КЖҚПК;

ІІІ орын – Абжанов Ниязбек Дауылбаевич, Біржан сал ауданы.

Номинациялар бойынша марапатталғандар:

* «Жеңіске деген жігері үшін» – Нұрпейісов Қанат Сұлтанғалиевич, Бурабай ауданы;

* «Әскери-патриоттық тәрбие көшбасшысы» – Амренов Жанат Аманжолович, Атбасар ауданы;

* «Шығармашылық көзқарасы үшін» – Энгишев Бахтияр Зейнекенович,

Қатаркөл ауылының жоғары ветеринария және биотехнология колледжі;

* «Креативті педагог» – Демеуов Қуаныш Болатұлы, Қосшы қаласы

* «Үлгілі сырт келбеті үшін» – Ястремский Василий Владимирович, Есіл ауданы;

* «Инновациялық педагог» – Танкенов Асылхан Кенесович, Қорғалжын ауданы.

Барлық қатысушылар сертификаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Құттықтаймыз!