Ақмолалық оқушы республикалық шеберлер байқауында екінші орынға ие болды

Ақмолалық оқушы республикалық шеберлер байқауында екінші орынға ие болды

2020 жылдың 19 қазанында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Алтын қазына» республикалық балалар шығармашылығының көрме-байқауын өткізді.

Байқауға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының білім алушылары – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының байқау кезеңдерінің 136 жеңімпаздары қатысты. Ақмола облысының намысын 7 оқушы қорғады.

Зеренді ауданы, №3 М.Ғабдуллин атындағы Зеренді ОМГ оқушысы Ергалиева Жулдызай «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясында жүлделі екінші орынға ие болды.

Жұлдызай бала кезінен зеректігімен көзге түскен: бала кезінен биге, сурет салуға, ән айтуға бейім болған. Жұлдызай бала-бақша есігінен бастап әр түрлі сайыстарға қатысқан. Ең алғашқы жүлделі орынды 2-сыныпта аудандық «Шеберлер қаласы» атты сайысына қатысып жүлделі І орынды иеленіп, облыстыққа жолдама алып ІІ орын иеленді.

Содан бері Жұлдызай біраз сайыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді.

«Мен «Алтын қазына» байқауына қатысып, екінші орынға ие болғаныма өте қуаныштымын. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймын, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие боламын», - деп уәде берді Жұлдызай.

Жеңімпаз бен оның жетекшісі Акпаева Гуляим Кашкимбаевнаны шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.