Ақмола облысының командасы Еуразиялық олимпиадада алтын және қола медальдарды жеңіп алды

Ақмола облысының командасы Еуразиялық олимпиадада алтын және қола медальдарды жеңіп алды

Алматы қаласында жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7–11 сынып оқушылары арасында информатикадан XVII Еуразиялық олимпиада өтті.

Халықаралық зияткерлік жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 72 команданың құрамында 216 оқушы қатысты.

Аталған олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың бағдарламалау және алгоритмдік ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін тереңдету. Олимпиада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша ақмолалық команда жоғары нәтиже көрсетті:

Алтын медаль иегерлері:

— Қуанышбек Нұрислам - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

— Абенов Чингиз - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

— Мұғжан Дінмұхаммед - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

— Шаймерден Нұрәлі - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

— Молдияр Абай - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

— Хамзин Алихан - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

— Даминов Дильдар - Ақмола облысы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!