
«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Білім» білім және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қоры 2025 жылғы 13-14 желтоқсанда Павлодар облысы, Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылына арналған колледж студенттері арасында республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Республикалық пікірсайыс турниріне Қазақстанның барлық өңірлерінен 17 пікірсайыс командасы қатысты.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша «Томирис» қазақ лигасының командасы: Абдували Ұлжалғас, Тұрсынбай Айзада, жетекшісі Беген Сырым III орын алып, «Ең үздік команда» номинациясын алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!