Пікірсайыс қозғалысының II ұлттық құрылтайы елордада өтті

Пікірсайыс қозғалысының II ұлттық құрылтайы елордада өтті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығы «OzgerTeam» қоғамдық қорымен бірлесіп II Ұлттық құрылтай өткізді.

Іс-шараға 20 өңірден келген пікірсайыс қозғалыстарының өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және саяси партиялардың өкілдері қатысты.

Ақмола облысы атынан Красный Яр ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, пікірсайыс үйірмесінің жетекшісі Жәменов Жалғас Балташұлы және Көкшетау қаласындағы № 6 мектеп лицейінің 11 «а» сынып оқушысы Бектас Музафар қатысты.

Құрылтай секциясының жұмысы барысында  дебаттық клубтарының жетекшілері мен жас дебатерлар пікірталас қозғалысының дамуына және танымалдылыққа байланысты сұрақтар талқылады.  

Сонымен қатар, құрылтайда екі маңызды құжат қабылданды:

-Пікірсайыс құрылтайының II манифесі;

- Пікірталас қозғалысын жақсарту бойынша ұсыныстар жинағы.

Осы екі құжат құрылтайдың шешімі ретінде ҚР Оқу-ағарту министрлігіне жіберіледі.

Іс-шараның соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті, пікірсайыс қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан белсенді қатысушылар «Пікірсайыс жанашыры» мен «Пікірсайыс көшбасшы» номинацияларымен марапатталды.