
2025 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІV кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиадада ІІІ (облыстық) кезеңінің 25 жеңімпазы Ақмола облысының намысын қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 13 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы "Ең үздік олимпиадалық команда-2025" IІІ-дәрежелі дипломына ие болды.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Олимпиаданың алтын медальмен және І-дәрежелі дипломмен Сандықтау ауданы,Новоникольск ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Киселёва Виктория марапатталды.
Күміс медальмен және ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Марат Кәусәр - Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» пәні бойынша;
2.Ерназар Жанерке - Аршалы ауданы,Жібек жолы ауылының мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» пәні бойынша;
3.Жамбет Еркежан - Көкшетау қаласы,Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша;
4.Мардан Әсем - Шортанды ауданы,Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша;
5.Зейнуллина Айсана - Қорғалжын ауданы,Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша;
6.Жанекенова Даяна - Целиноград ауданы,Қабанбай батыр ауылының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша;
7.Сапарова Дамеля - Ерейментау ауданы,Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша.
Қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Бағланқызы Сұңқар - Целиноград ауданы,Қоянды ауылының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша;
2.Жарқынбай Рахман - Шортанды ауданы,Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша;
3.Приб Виолетта - Аршалы ауданы, Аршалы кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша;
4.Абакова Алина - Ерейментау ауданы,Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша;
5.Өмірәлі Гүлхан - Ерейментау ауданы,Майлан ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша.
Грамотамен марапатталды:
1.Рамазанова Алия - Целиноград ауданы,Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» пәні бойынша;
2.Грицик Инна - Сандықтау ауданы,Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, «Ағылшын тілі» пәні бойынша;
3.Сукайлова Вероника - Бурабай ауданы,Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша;
5.Габбасова Жадыра - Целиноград ауданы,Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, «Құқық негіздері»пәні бойынша.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!