
2025 жылғы 9–12 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚР Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледжі базасында «AIBYN-2025» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.
Ауқымды шараға барлығы 300 қатысушы, 30 команда қатысты.
Жарыстар келесі түрлер бойынша ұйымдастырылды:
белтемірде тартылу
арқаға жатып денені көтеру
АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау
Пневматикалық винтовкадан ату
Жалпы әскери қорғаныс жиынтығын плащ түрінде кию
Арқан тарту
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа тиісті дайындықтан өткен және дәрігерлік рұқсаты бар 14 пен 17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты. Әр команданың құрамында 7 ұл, 3 қыз және бір клуб жетекшісі болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Гран-при:
Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі — 150 000 теңге көлеміндегі сертификат.
«Намыс» бағдарламасы (мектептер):
I орын — Көкшетау қаласы — 100 000 теңге сертификаты
II орын — Жарқайың ауданы — 70 000 теңге сертификаты
III орын — Зеренді ауданы — 50 000 теңге сертификаты
«Жігер» бағдарламасы (колледждер):
I орын — Көкшетау жоғары техникалық колледжі — 100 000 теңге сертификаты
II орын — Щучинск жоғары педагогикалық колледжі — 70 000 теңге сертификаты
III орын — Агробизнес және сервис колледжі — 50 000 теңге сертификаты
Атап айтсақ, «AIBYN-2025» әскери-патриоттық жиыны жастардың патриоттық рухын нығайтуға, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға, физикалық дайындығын арттыруға және елдің әскери дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Құттықтаймыз!