
WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 800-ден астам колледж студенті қатысты – олардың қатарында IT мамандары, дәнекерлеушілер, аспаздар, дизайнерлер және басқа да көптеген бағыт өкілдері бар.
Акмола облысынан чемпионатта 11 колледжден 49 талантты қатысушы 30 негізгі және 12 қосымша құзыреттілік бойынша бақ сынады.
Чемпионат қорытындысы бойынша біздің қатысушылар 3 алтын, 6 күміс, 6 қола медаль және 14 медальон жеңіп алды. Ал жалпыкомандалық есепте Ақмола облысы ІІ орынды иеленді.
Өңіріміздің студенттері тағы да өздерінің мықты, өршіл әрі еңбекқор жас буын екенін дәлелдеді. Бұл жеңіс – колледждердегі жүйелі жұмыстың, талантты жастарды қолдаудың және сапалы кәсіби даярлықтың нәтижесі.
Әрбір қатысушымен мақтанамыз!
Аймақтың кәсіби білімін дамыту жолында еңбегі сіңген барлық жандарды және біздің команданы құттықтаймыз!