Ақмолалық команда STEM-Олимпиадада үздік үштіктен көрінді

Ақмолалық команда STEM-Олимпиадада үздік үштіктен көрінді

Астана қаласында Халықаралық STEM-Олимпиадасы мен «Роботтар Шайқасы-2025» жарысы өтті. Байқауға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Үндістан және Моңғолияны қоса алғанда, жеті елден 250-ден астам оқушы қатысты.

Бірнеше күн бойы қатысушылар робототехника, бағдарламалау, инженерия және 3D-модельдеу бағыттары бойынша өз жобаларын ұсынды.

Финалдық кезеңдердің қорытындысы бойынша Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының командасы III орынға ие болып, инженерлік тапсырмаларда жоғары нәтижесін көрсетті.

Команда құрамы  11  сынып оқушылары:

- Асылбеков Мансур

- Ермишкин Александр

- Сейтқали Жалиль

Жетекшісі: Утебаева Дамели Зайроллаевна

Қатысушылардың жұмыстарын халықаралық сарапшылар, инженерлер, бағдарламашылар, сондай-ақ әлемдік технологиялық чемпионаттардың жеңімпаздары бағалады.

«Оқушыларымыз Олимпиаданың барлық кезеңдерінен — инженерлік есептерден бастап 3D модельдеуге және роботтар шайқасының шиеленісті жекпе-жектеріне дейін — абыроймен өтіп, жоғары дайындық деңгейін, командалық жұмысты және шығармашылық ойлауды көрсетті»,- деп атап өтті команда жетекшісі.

Оқушыларымызды сенімді жеңісімен құттықтаймыз!