WorldSkills Kazakhstan – 2025 X Республикалық чемпионаты басталды

WorldSkills Kazakhstan – 2025 X Республикалық чемпионаты басталды

Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan – 2025 X Республикалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.  Биыл бұл қозғалыс өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы он жыл ішінде WorldSkills Kazakhstan елімізде кәсіби-техникалық білім мен жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың маңызды алаңына айналды.

Аталған чемпионатта Ақмола облысының намысын 11 колледжден келген 49 талантты қатысушы қорғайды. Олар 30 негізгі және 12 қосымша құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін көрсететін болады.

Ақмола облысының бас сарапшылары:

Руслан Хамзин – плиткамен қаптау

Дмитрий Блинов – дәнекерлеу технологиялары

Татьяна Шевченко – визуалды мерчендайзинг және витринистика

Рамазан Қадыров – құтқару жұмыстары

Бас сарапшылардың орынбасарлары: Олжас Хамзин (АКТ желілік инфрақұрылымы) және Виктория Тополя (зертханалық және химиялық талдау).

WorldSkills Kazakhstan – бұл жас мамандарға өз шеберліктерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік.

Кәсіби шеберлік байқауы ағымдағы жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады. Қатысушыларымызға сәттілік және жеңіс тілейміз!