Ақмола облысының педагогтері республикалық «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» байқауында жеңіске жетті

Ақмола облысының педагогтері республикалық «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы»   байқауында жеңіске жетті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық мемлекеттік мекемесі «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы-2025» республикалық байқауының II кезеңінің қорытындыларын  жариялады.

Байқаудың мақсаты – арнайы және инклюзивті білім беруді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген педагогтарды анықтау, қолдау және ынталандыру.

Ақмола облысынан республикалық турға конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау қазылар алқасы арнайы мектептер, балабақшалар, ПМПК, оңалту орталықтары мен КППК педагогтері арасынан жеңімпаздарды бес негізгі номинация бойынша анықтады. Нәтижелер еліміз бойынша мамандардың кәсіби белсенділігі мен құзыреттілігінің артқанын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша біздің қатысушылар бірнеше номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды:

«Арнайы мектептің үздік педагогі (тәрбиешісі)» номинациясы

I орын — Ережепова Ризагүл Амангелдіқызы, Көкшетау қаласының № 4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі;

«Арнайы мектептің үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы

III орын — Перикова Ирина Валерьевна, Көкшетау қаласының № 1 арнайы мектеп-интернатының дефектолог-мұғалімі;

«ПМПК-ның үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы

II орын — Ескендирова Сауле Бауыржановна, Көкшетау қаласының ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі дефектолог-мұғалімі (тифлопедагог);

«ОО, ППТК-нің үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы

I орын — Оздоева Оксана Владимировна, Жақсы ауданы Жақсы ауылының

№ 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектолог-мұғалімі.

Ақмола облысының педагогтері кезекті мәрте жоғары кәсібилігін, шығармашылық көзқарасы мен педагогикалық шеберлігін дәлелдеді.

Құттықтаймыз!