«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында колледж студенттері арасында «Салауатты ұрпақ» облыстық қашықтық анимациялық бейнероликтер байқауын өткізді.
Іс-шара студенттік жастар арасында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтай алатын белсенді азаматтарды қалыптастыруға, құқықтық мәдениеттің және заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.
Байқауға барлығы Ақмола облысының колледждерінен 15 білім алушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретпен бөлінді:
I орын – Есентоғай Айгерим,Көкшетау қаласы Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі;
II орын – Дуйсенбай Самира, Бурабай ауданы Щучинск қаласы Жоғары педагогикалық колледжі;
III орын – Ашихмина Варвара, Көкшетау қаласы Жоғары медициналық колледжі;
III орын – Бурков Алексей, Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі.
«Салауатты өмір салтын насихаттау» номинациясы бойынша келесі қатысушылар грамотаға ие болды:Массон Софья, Яросевич Артем, Чугунова Анна, Аниканов Александр, Умбетова Самира, Тимченко Анжелика, Амантай Депутад, Қадыр Нұрхан, Панасюк Максим, Драгомерецкая Оксана, Жилкибаев Байкадам.
Құттықтаймыз!