Ақмолалық оқушылар Астанада өткен балалар омбудсмендерінің кездесуіне қатысты

Ақмолалық оқушылар Астанада өткен балалар омбудсмендерінің кездесуіне қатысты

Астана қаласында, Дүниежүзілік балалар күні аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті бағыттар» тақырыбында балалар омбудсмендерімен кездесуін өткізді.

Іс-шараға Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қорының өкілі, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген 40 оқушы қатысты.

Бұл шараға Ақмола облысының атынан:

- Жуманова Аружан Қуатқызы – Аршалы ауданы, Бұлақсай ауылы Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің, 10 сынып оқушысы;

- Подрезова Милана Владимировна – Жарқайын ауданы, Державинск қаласы Н. Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің, 10 сынып оқушысы қатысты.

Кездесуде «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы тұжырымдамасы,  Балалардың құқықтарын ілгерілетуге жастарды қалай тартуға болады: UNICEF Zhastary бағдарламасының тәжірибесі мен жоспарлары және Балаларды цифрлық әлемде қорғау: кибербуллинг пен онлайн пайдаланудың алдын алу тақырыптары талқыланды. Қатысушылар негізгі  сұрақтар бойынша пікір білдіріп, өз ойларын  ұсына алды.

Сонымен қатар, балалар омбудсмендерімен кездесуде Қазақстан Республикасындағы балалардың қазіргі жағдайын талқыланды. Сонымен қатар балалармен бірге «балалық шақ» сөзінің мәнін балалар құқықтары тұрғысынан зерделеу,  болашақты құруда балалардың рөлі және балалардың өз міндеттерін іске асыруға қалай көмектесетініне алатынына назар аударылды.

Шара балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде мемлекеттік құрылымдар мен балалар өкілдерінің арасындағы тікелей диалог пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналды.