
Көкшетау қаласында 11 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өткізілді. Зияткерлік шоу болып табылатын «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телебағдарламасы алғаш рет «Хабар» агенттігінің эфирінде 1999 жылы шыққан.
Ойынға 12 ауданнан, Қосшы, Степногорск және Көкшетау қалаларынан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 20 оқушы қатысты.
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша
І-дәрежелі дипломмен Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Утегенов Ерасыл марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Жусупова Зарина марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломдармен:
1.Султанова Сания - Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
2.Солтанбек Аян - Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
3.Хуатбек Нұрсерік - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы марапатталды.
Грамоталармен:
1.Рахметов Ескендір - Бұланды ауданы, Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
2.Дильманов Алишер - Степногорск қаласының Ю.А.Гагарин атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
3.Ержан Ақтоты - Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
4.Рамазан Елнұр - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы марапатталды.
Құттықтаймыз