
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының форумын өткізілді.
Шараға еліміздің барлық өңірінен 100 мектеп өзін-өзі басқару көшбасшысы жиналды. Форумның басты мақсаты – мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, сондай-ақ балалар мен жастар ұйымдары көшбасшыларының жағымды имиджін қалыптастыру.
Форумда Ақмола облысының намысын төмендегі құрама команда қорғады. Оның құрамында мектеп парламенттінің президентті, пікірсайыс қозғалысының белсенді мүшесі, экология және төтенше жағдай «министрлері», сондай-ақ мектеп баспасөз қызметінің өкілдері бар:
Жуманова Аружан – Аршалы ауданы;
Жарқынбекқызы Ақбота – Целиноград ауданы;
Подрезова Милана – Жарқайың ауданы;
Баймуканов Алишер – Бурабай ауданы;
Бахытбекқызы Фариза – Бұланды ауданы.
Екі күн бойы форум қатысушылары тренингтерге, шеберлік сыныптарына, интеллектуалды ойындарға, сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңдарына қатысты. Жас көшбасшылар өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін, белсенді азаматтық ұстанымын және командалық рухын көрсетті.
Форум оқушылардың көшбасшылық құзыреттерін дамытудың және Қазақстандағы мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі нығайтудың маңызды алаңына айналды.