
Көкшетау қаласында әл-Фараби атындағы IT лицейінде «Білімді ұлт – жарқын болашаққа бағдар» атты V дебаттық турнир өтті, оған Ақмола облысының 20 мектеп директорынан құралған фракциялар қатысты.
Турнирдің мақсаты - мектеп басшыларының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін дамыту, өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарату арқылы олардың азаматтық көзқарастарын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру.
Турнирді бағалау үшін облыстың белгілі дебатерлері мен республикалық турнирлердің жүлдегерлері шақырылды.
Бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1орын – Бурабай ауданының командасы: Урумқай жалпы білім беретін мектебінің директоры Алтынбек Дағыстан, Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейінің директоры Жаркеев Азамат Нұрланұлы.
2 орын – Целиноград ауданының командасы: Өтеміс ауылының жалпы білім беретін мектебінің директоры Әмзе Бекежан Ұлықбекұлы, Бірлік ауылының негізгі орта мектебінің директоры Өмірова Гаухар Темірханқызы.
3 орын – Степногорск қаласының командасы: №6 мектеп-гимназиясының директоры Аяған Нұржан Алдонғарұлы, №7 жалпы білім беретін мектептің директоры Базарбекова Әсел Қакимбекқызы.
3 орын – Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының директоры Шаяндин Ақылбек Игликович, Рахимжан Қошқарбаев атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің директоры Байжанова Гүлжанат Қойшыбаевна.
«Үздік төреші» номинациясы бойынша Красный Яр ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі, Көкшетау қаласындағы «Әулет» қосымша білім беру орталығының педагогі Жаменов Жалғас Балташұлы анықталды.
«Үздік спикер» номинациясы бойынша Бурабай ауданы Ұрымқай жалпы білім беретін мектебінің директоры Алтынбек Дагыстан марапатталды.
Құттықтаймыз!