
Ғылымды дәріптеу мақсатында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры Edlight Academy бірлесіп Қазақстан білім олимпиадасын өткізді.
Ақмола облысынан олимпиадаға 5 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан 88 оқушы қатысты.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша (математика, химия, физика, биология, информатика, география) екі кезеңде өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 28 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды:
- Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернаты: І-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, грамотамен – 6 оқушы марапатталды.
- Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 2 оқушысы грамотамен марапатталды.
- Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 1 оқушысы грамотамен марапатталды.
- Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты: ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.
- Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT лицей-интернаты: ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.
Құттықтаймыз!