
2025 жылғы 10 – 12 қараша аралығында «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2–7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХІ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Аталмыш байқауға 209 зерттеу жобасы тапсырылып, оның ішінде 152 зерттеу жобалары сараптамадан өтті.
Іс-шараға 16 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан барлығы 180 оқушы қатысты.
Оқушылардың зерттеу жобалары 12 секция бойынша өткізілді:
1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция - орыс тілі мен әдебиеті;
3 секция – ағылшын тілі;
4 секция - математика, қолданбалы математика;
5 секция - физика, космос;
6 секция – туризм және спорт;
7 секция – тарих, өлкетану;
8 секция - этномәдениеттану;
9 секция – химия, биология;
10 секция – медицина, психология, экология;
11 секция - информатика, робототехника STEM инженерия;
12 секция - технология және өнер.
Шығармашылық байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды::
- І-дәрежелі дипломмен – 24 оқушы
- ІІ-дәрежелі дипломмен – 47 оқушы
- ІІІ-дәрежелі дипломмен – 63 оқушы
- Грамотамен – 9 оқушы марапатталды.
Байқаудың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 24 оқушы байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Құттықтаймыз!